{metadescription}
Қызымен ойнап жүрген ер адам аяқ астынан сал болып қалды

Қызымен ойнап жүрген ер адам аяқ астынан сал болып қалды

Оңтүстік Уэльсте 5 жасар қызымен ойнап жүрген ер адам басын соғып алып, сал болып қалды.

Эшли Хупер балаларға арналған ойын орталығында 5 жасар қызы Лоттимен ойнап жүріп, өрмелеуге арналған құрылымның жұмсақ жеріне басымен соғылған. Алайда соққының салдарынан 31 жастағы ер адамның омыртқасы сынып кетіп, сал болып қалыпты.

Оқиғадан кейін ер адам бірден ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде ота жасалыпты. Дәрігерлер қысымды төмендету үшін оның бірнеше сүйегін алып тастап, мойнын ұстап тұратын металл зат салып беріпті. 

Арада алты апта өткеннен кейін Хупердің жағдайы жақсара бастаған. Бүгінде ол аяғын және башпайларын қимылдата алады. Дәрігерлер мұндай жағдайда адамның сауығып, қалпына келуі өзіне байланысты екенін айтады.

Ал Эшлидің отбасы оның толықтай сауығып кететінінен үміттенеді. Ойын орталығы ата-аналарды балалармен жұмсақ құрылымдарда ғана ойнағуа шақырады. Орталық қызметкерлері Хупердің отбасына көмек ретінде 500 фунттан аса (200 мың теңгеден аса) ақша жинап берді. 

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.