{metadescription}
Шымкентте 3 жасар сәби кір жуатын машинаға қысылып қалды

Шымкентте 3 жасар сәби кір жуатын машинаға қысылып қалды

Шымкентте үш жасар бала ойнап жүріп аулада тұрған кір жуғыш машинаға түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалған.

Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің екі аяғы кір жуатын машинаға қысылып қалды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Асар-2 мөлтек ауданында болған. 2016 жылы туған бала ойнап жүріп, кір жуатын машинадан екі аяғын сыртқа шығара алмай қалған.

4 құтқарушыдан тұратын құтқару бөлімі оқиға орнына келді. Металды кесу үшін қайшыларды пайдаланып, олар кір жуғыш машинаның барабанынан баланың екі аяғын ажыратты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.