{metadescription}
Министр Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсініктеме берді

Министр Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігінің басшысы әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді.

"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай тексеріліп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі болғанын бәріңіз білесіздер. Осыған байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалып, кейбір нюанстары істің аясында тексерілетін болады", - деді Тұрғымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, әнші кеше таңертең Қарқаралы өңіріндегі өз ауылында қайтыс болды. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын айтқан болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.