{metadescription}
Алматыда 8 жасар бала анасын іздеп интернаттан қашып кеткен

Алматыда 8 жасар бала анасын іздеп интернаттан қашып кеткен

Алматыда мамандандырылған интернаттан өздігімен кетіп қалған 8 жастағы баланы полиция тауып, ата-анасына қайтарды.

16 қыркүйек күні, кешкі сағат 9 шамасында Әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальонының қызметкерлері Нұржан Баймырзаев пен Елдос Айнақұлов тротуарда жылап тұрған баланы көріп, өз бақылауларына алған.

«Ол қатты жылап тұрды. Ештеңе түсіндіре алмады. Баланың тілі кеміс екенін содан ұқтық. Алдымен, баланы құшақтап, бауырымызға бастық. Су, тәтті алып бердік. Аздап ентігін басқан соң сұрастыра бастадық. Бала интернаттан өзі шығып кеткен. Анасын іздеп, ұзақ жүрген. Анасының «Жас қанат» шағынауданында тұратынын айтты. «102» кезекші нөміріне хабарласқанда, оны ешкім іздемегені туралы білдік. Біз сол ауданға баруды ұйғардық. Бала ақылды екен, бірден өзі тұратын үйді тауып барды. Есіктің қоңырауын басқанда анасы қатты қуанды», - деді аға лейтенант Елдос Айнақұлов.

8 жасар Нұрасыл Алтынбекұлы Түрксіб ауданының тұрғыны болып шықты. Анасының айтуынша, тілінің мүкістігіне байланысты бала интернатта оқиды. Тек демалыста ғана ата-анасы үйіне алып кетеді.

«Кеше кешке «Нұрасыл үйге келмеді ме?», - деп интернаттан хабарласты. Ол кішкентай, үйді таба алмайды деп қорқып отырғанда бірнеше минуттан соң есікті полиция басып тұр. Баламды алып келіпті. Далада тұрған баланы көріп, тауып әкелгендеріне шексіз алғысымды айтамын», - деді анасы Ақмарал Смаилова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.