{metadescription}
Мотоцикл мінген оқушы кішкентай қызды қағып кетті

Мотоцикл мінген оқушы кішкентай қызды қағып кетті

Ақтөбе облысы Қобда ауданында «Racer 110N» мотоциклін айдаған жасөспірім 1 сынып оқушысын қағып кетті.

«Оқиға кешкілік уақытта болған. 9 сынып оқушысы аудандағы Әбілқайыр хан көшесімен келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан 1 сыныпта оқитын қызды қағып кетті», - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бірінші сынып оқушысын Қобда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

«Осыған орай, ата-аналарға балаларына мұқият болуды, көлік құралдарын жүргізуге рұқсат бермеуін сұраймыз», - делінген хабарламада. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.