{metadescription}
Қымбат неке жүзігінен бас тартқан қыз жұртты қайран қалдырды

Қымбат неке жүзігінен бас тартқан қыз жұртты қайран қалдырды

Шетелдік Reddit желісінің қолданушысы қымбат неке жүзігінен бас тартқанын айтып, көпшіліктен дұрыс не бұрыс жасағаны туралы кеңес сұрады.

Оның пікірінше, жүзіктің қымбаттығы емес, бұйымның өзі маңызды. Алайда оның жігітінің пікірі басқа. Бойжеткен өзіне жүзіктің ұнамайтынын айтады.

«Себебі маған Дисней мультфильмдеріндегі ханшайымға қарағандай қарағанын қаламаймын. Егер жүзіктің мән-мағынасы тұрмысқа шыққандағы неке міндеттерін растау болса, онда бір ғана жүзік тағуға болмай ма? Ең қарапайымын», - дейді ол.

Қыздың айтуынша, ол гаухартаспен немесе басқа да бағалы тастармен көмкерілген бұйымдарды таққысы келмейді. Себебі кейде әшекейлік бұйымдарымды таппай қалатын көрінеді.

«Мен оны таңдау үшін уақытымды да, ақшаны да жұмсағым келмейді. Интернеттен бір қарапайым түрін тауып алдым. Жігітім ол жүзікті көріп, келспеді. Оның пайымдауынша, жүзік тым қарапайым», - дейді жазба авторы. 

Өз сөзінде ол жігітінің қымбатырақ жүзік іздеуге ниетті екенін, сондықтан дауласып қалғандарын айтты. Ал желі қолданушылары қыздың ұстанымына таңданып, сонымен қатар оған түсіністікпен қарады. 

Пікір қалдырушылардың бірі ғашықтардың әрқайсысы сүйгені үшін ең жақсы нәрсені жасағысы келетінін айтты. Ол қызға аталған мәселені нақты талқылап, бір-бірінің қалауын түсініп, келісімге келуге кеңес берді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.