{metadescription}
Ақмола облысында ер адам досын сабап өлтірген

Ақмола облысында ер адам досын сабап өлтірген

Ақмола облысында досы өлімші етіп сабаған 44 жастағы ер адам көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, 31 тамызда Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны түрлі дене жарақаты ауруханаға түскен. Ер адамның сөзінше, оны бір топ жас жігіт жабылып оны ұрған. Осыған орай, тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеу шараларын қолға алды. Арада бірер күн өткеннен кейін ер адам алған дене жарақатынан көз жұмды. Алайда, кейін анықталғандай ер адам түсініктемесінде жастардан зардап шектім деп жалған сөйлеген.

«Екі апта бойы жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті марқұмның 46 жастағы танысы екені анықталды. Екеуі 30 тамыз күні қосылып ішімдік ішкен. Сосын екеуара кикілжің туып, соңы төбелеске ұласқан. Төбелестен 44 жастағы ер адам дене жарақатын алды. Кейін күдікті қылмысын жасыруға тырысқан, ал дене жарақтынан көз жұмған ер адамның өзі «досын» жауапкершіліктен алып қалмақ болған. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.