Алматыда бір үйдің 3 баласын көлік қағып кетті
Алматыда көлік бір отбасының үш баласын қағып кетті.
14:50 18.09.2019
Оқыс оқиға Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған.
«18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды Ұлжан шағын ауданында көлік қағып кетті. Үлкені тоғыз жасар қызды тексерістен кейін үйіне жіберді. Бес жасар ер бала мен алты жасар қызға алдын-ала диагноз қойылады: іштің өткір жарақаты, іш мүшелерінің жарақаты. Олар ауруханаға жатқызылды. Үшеуі де бір отбасының балалары», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Басқарма мәліметінше, балалар анасымен бірге тыйым салынған жол бойын кесіп өткен.