{metadescription}
Ақтауда көлік жердің астына түсіп кетті

Ақтауда көлік жердің астына түсіп кетті

Оқыс оқиға бүгін таңертең «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында болған.

Видео кадрынан Toyota көлігінің алдыңғы жағы жерге кіріп кеткенін анық байқауға болады. Ведомство көлік «Маңғыстаумұнайгаздың» қызметкеріне тиесілі екенін атап өтті. Облыстық полиция департаменті оқиғаның канализация мәселесіне байланысты болғанын айтты.

«Кәріз құдығынан су атылған. Жер су болып, шұңқыр пайда болған. Көлік жүргізушісі оны байқамай, дөңгелегі сол шұңқырға түсіп кеткен. Осылайша, қатты салмақты көтермегендіктен брусчатка опырылып кеткен. Жүргізуші компанияда қызмет етеді», - делінген хабарламада.

Toyota иесі жағдайды өз бетімен шешуге уәде бергендіктен, бұл факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылмағаны белгілі болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде