{metadescription}
Ақерке Ахметова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды

Ақерке Ахметова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ақерке Ахметова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ақерке Естайқызы 1975 жылы Алматы қаласында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық салада жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істейді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған, деп хабарлайды primeminister.kz.

2015–2017 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры. 2018 жылғы наурыздан қазіргі таңға дейін ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.