{metadescription}
Нұр-Сұлтанда даму орталығында 10 бала уланып қалды

Нұр-Сұлтанда даму орталығында 10 бала уланып қалды

Нұр-Сұлтандық дамыту орталығында 10 бала тамақтан уланып қалды.

Ата-аналар балалардың жаппай уланғаны туралы шағымданған. Олардың айтуынша, ауруханаға ішек инфекциясымен 10 бала түскен.  Оқиғаның болғанын Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин растады.

«Балалардың улануы бойынша айта кетейін. Біз бұйрық шығардық, тиісті комиссия құрылды. Тексеру жүргізіп жатырмыз. Жұмысқа қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің де өкілдерін тарттық. Қорытынды бойынша тиісті шаралар қабылданады. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жеке кәсіпкерлік кодексі бойынша жұмыс жүргізеді. Егер нақты ескерту беретіндей кемшілікті анықтасақ, ары қарай тиісті шара қабылдаймыз. Бұл жерде әңгіме 8-10 баланың улануында болып отыр», - деді Әнуар Жанғозин.

Ата-аналар орталықтың әкімшілігін кәріз суының ауыз суға қосылғанын айтады, алайда Жанғозин әзірге мұндай айыптауларға әлі ерте екенін ескертті. 
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.