{metadescription}
Депутаттар допингпен ұсталатын спортшылардың жазасын қатаңдатты

Депутаттар допингпен ұсталатын спортшылардың жазасын қатаңдатты

ҚР Парламенті Мәжілісі бірқатар допингке қарсы шараларды қарастыратын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, құжатта допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін спорттан шеттету, спорт нәтижесін жою, ай сайынғы төлемді тоқтату, құрама және штаттық командалар құрамынан шығару, спорттық атақтан, спорттық разрядтан және біліктілік санатынан айыру, баспана мен ақшалай сыйақыны қайтару сияқты шаралар көзделген. 

"Бұдан бөлек, жеке тұлғалар үшін допинг қолданғаны және қолдануға әрекет жасағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде (505 000 теңге) әкімшілік жаза қарастырылған", - деді депутат.

Ал лауазымды тұлғаларға қатысты еңбек заңнамасына сәйкес шаралар қолға алынады.

"Чемпиондар мен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға баспана беріледі. Ал 10 жыл өткен соң, оны меншікке алуға болады. Бұл ретте, әлемдік біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда, осы тұрғын үйді меншікке алу үшін олардың мұрагерлерінің мүддесі ескеріледі", - деді Жұмаділдаева.

Оның сөзінше, сонымен қатар бұл ретте, лауазымды тұлғаларға Еңбек заңнамасына сәйкес ықпал ету шаралары қолданылатын болады.

"Сондай-ақ, допингке қарсы күрес жүргізетін Қазақстанның жетекші ұйымы ретінде Ұлттық допингке қарсы ұйымның құзыретін анықтайтын түзетулер енгізілді", - деп сөзін түйіндеді депутат.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.