{metadescription}
Атырауда 13 жасар қыз өгей әкесінен екіқабат болып қалды

Атырауда 13 жасар қыз өгей әкесінен екіқабат болып қалды

Сотта анықталғандай, сотталушы өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын жеті ай бойы зорлаған.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі, яғни "Кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлау туралы" қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды. Сотта анықталғандай, сотталушы өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын жеті ай бойы зорлаған.

- Сотталушы мен жәбірленушінің анасы заңды түрде некеге тұрған, ал 13 жастағы жәбірленуші әйелдің соңынан ілесіп келген бала екен. Сотталушы өгей қызына заңды түрде аты-жөнін беріп, оны өз баласы деп таныған. Сотталушы әйелінің жоқтығын пайдаланып, өгей қызын зорлап келген, деп хабарлады Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Қыз бала өгей әкесінен қорыққандықтан басындағы қиын жағдай туралы ешкімге тіс жарып ештеңе айтпаған. Бұл масқара жайт оқушы қыздың екіқабат екені анықталғанда белгілі болды. Содан кейін ғана анасы дереу полицияға шағымданған.

Сот өгей әкені ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Әйел сотталушыдан тағы екі қыз туған. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дереккөз: Zakon.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.