{metadescription}
Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындады.

Бұл қызметке сыртқы істер министрі болған Бейбіт Атамқұлов келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын», - делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, президент аталған министрліктің басшысы болған Роман Склярды қызметінен босатып, оны премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындады.

«Роман Васильевич Скляр ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын», - делінеді Ақорда хабарламасында. 

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.