{metadescription}
Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан президентінің жарлығымен Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды.

"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылсын", - деп хабарлайды Ақорда.

Көшербаев бұл қызметте Марат Тәжинді алмастырды.

1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша, ал 1991 жылы КОКП орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР президентінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Әр жылдары білім және спорт министрі, бұдан соң денсаулық сақтау, білім және спорт, білім және ғылым министрі лауазымын атқарды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облысының әкімі, Ресей, Финляндия мен Армениядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болды.

2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында – Қазақстан президентінің кеңесшісі, 2012 жылдан ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", 2009 жылы ІІ дәрежелі "Барыс", 2003 жылы "Парасат, 2006 жылы "Достық" (РФ) ордендері және медальдарымен марапатталған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.