{metadescription}
Петропавлда ерлі-зайыптылар 7-қабаттан секіреміз деп қорқытқан

Петропавлда ерлі-зайыптылар 7-қабаттан секіреміз деп қорқытқан

Петропавлда екі адамның кикілжіңі қаланың бүкіл күш құрылымдарының қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды.

«Петропавл қаласының тұрғындарының бірі өзінің питбуль тұқымдас итімен бірге тұмсықторсыз қыдырып жүрген. Оның жанынан өтіп бара жатқан басқа бір азамат әлгі ит иесіне ескерту жасап, ақыры екі адамның арасында төбелес туады. Осыдан кейін 102 нөміріне әлгі азамат ит қапқаны туралы шағым айтып, қоңырау шалған. Онымен қоймай, әлгі иттің иесі ұстасып қалған жігіттің арқасына пышақ салған. Жараланған тұрғын қаланың үшінші ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды СҚО полиция департаментінен.

Полицейлер келген бойда пәтер иесі мен бірге тұратын 37 жастағы әйел терезеден секірмек болған. Ер адам үшкір заттарды алып шығып, қолын кескілепті. Үш арнайы жасақ қызметкері терезені шағып, пәтерге кіріп, қаруланған үй иесін құрықтады, ал итті арғы бөлмеге қуып тыққан.

Бұл оқиға қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлімі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізіліпті. Ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.