{metadescription}
БҚО трассасында 5 адам зардап шегіп, біреуі ажал құшты

БҚО трассасында 5 адам зардап шегіп, біреуі ажал құшты

Батыс Қазақстан облысында автоккөлік аударылып, бір адам қаза тапты.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 17.20-да Сырым ауданы аумағында болды. «Самара-Шымкент» жолының 401-шақырымында «Хонда Элизион» автокөлігінің алдыңғы доңғалағы жарылып, аударылған. Соның салдарынан 39 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

34 жастағы жүргізуші, сондай-ақ төрт қытайлық азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (4 қызметкер, 1 техника) және 15 жол-патрульдік полиция қызметкері 5 көлікпен барды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 33 және 53 жастағы қытайлық азаматтар ауруханаға жатудан бас тартты. 34-тегі жүргізуші мен 49 және 53 жастағы өзге қытайлық жолаушылар облыстық ауруханаға жатқызылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.