{metadescription}
Дәрігерлер ер адамның 10 сантиметрлік мүйізін алып тастады

Дәрігерлер ер адамның 10 сантиметрлік мүйізін алып тастады

Үндістанның Сагар қаласы тұрғынының (Мадхья-Прадеш штаты) 10 сантиметрден асатын мүйізді кератомасын алып тастады.

Бұндай қатерсіз патологиялық ісікті шайтан мүйіз деп те атайды. Өсіп шыққан ісік оған ешқандай қиындық туындатпаған. Шаштаразға барғанда ол мүйізін сәл «аралап» беруін сұрайтын көрінеді.

Алайда, ісік өсуін тоқтатпағандықтан, ер адамның медициналық көмекке жүгінген. Операция сәтті өтті. Қазір пациент денсаулығын қалпына келтіретін курстардан өтіп жатыр. Кератома – эпидермис жасушаларының беріштеніп, кератиндену салдарынан пайда болатын терінің қатерсіз ісігі.

Дереккөз: Baq.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.