{metadescription}
Алматыда көшеден бес жасар бала табылды

Алматыда көшеден бес жасар бала табылды

Алматы көшелерінің бірінде адасып қалған кішкентай баланы учаскелік инспектор тауып алды.

Бес жасар ұл бала Шаляпин мен Берегового көшелерінің қиылысынан табылды.

«Баланың үсті басы су. Әбден тонып қалған. Дірілдеп тұрды. Оның айтуынша, ол басқа балалармен бірге өз үйінің ауласында ойнаған, содан кейін олар театрдың алдындағы субұрқаққа барған. Ойнап жүріп бала суға құлап кеткен, ал достары қашып кетіпті. Бала өз бетінше үйін табуға тырысып, бірақ таба алмаған. Кешке дейін баланың ата-анасын іздедік, алайда оны іздеген адам болмады. Мен ең алдымен баланың киімін ауыстырып, ыстық шәй бердім. Қараңғы түскенен кейін, оны бір түнге кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығына жіберу туралы шешім қабылданды», - деді Әуезов аудандық ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Диляра Анарқұлова.

Таңертең полиция басқармасына баланың анасы жоғалған ұлы туралы арызбен келді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері ұлының аман-есен екенін айтқанда, ол қатты қуанып кетті»,- дейді Диляра Анарқұлова.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.