{metadescription}
Канело Головкинмен үшінші жекпе-жекке қызықпайтынын айтты

Канело Головкинмен үшінші жекпе-жекке қызықпайтынын айтты

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес  қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді жеңіп, барлық титулын тартып алған еді.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келмейтінін ашық айтты. Оның сөзін The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-де жариялады. Альварес бұл туралы орташа ауыр салмақтағы WBO чемпионы, ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 KO) кездесуіне арналған баспасөз мәслихатында айтқан. "Канело" ресейлік боксшымен 2 қарашада Лас-Вегаста кездеседі.

​"Канело" Головкинмен ісі біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға құлқы жоқ екенін айтты", - деп жазды Коппинджер.

Сондай-ақ Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның айтқан сөзіне пікір білдіріпті. Бұған дейін промоутер "Канелоның" Головкинге қарсы жекпе-жегі келесі жылы болады деген еді.

"Оскар қайдағы-жоқты айта берді", - деді мексикалық боксшы.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.