{metadescription}
Көз жұмған адамнан сұхбат алғысы келген журналист жұртты күлкіге қарық қылды

Көз жұмған адамнан сұхбат алғысы келген журналист жұртты күлкіге қарық қылды

Америкалық KTLA телеарнасының журналисі Сара Велш өз репортаждарының бірінде бұған дейін жол апатынан көз жұмған ер адамнан пікір алмақ болғанын айтты.

Журналистің бұл сөзі көпшілікті қайран қалдырып, күлдірді.

«Біз қуғын кезінде көз жұмған ер адаммен байланысуға тырыстық. Алайда одан пікір ала алмадық», - дейді Велш репортажда. 

Басылым мәліметінше, репортажда Анахайманың 50 жастағы тұрғыны туралы сөз болған. Ер адам көлігімен полицейлерден жасырынбақ болыпты. Құқық қорғаушылардың қайтыс болған ер адамның ағасы шақырған. 

Желіде тараған роликтің авторы, журналист Яшар Али тілшінің сөзін естігенде күлкіден өле жаздағанын айтты. Ал желі қолданушыларының бірі «егер Али көз жұмса, Велш одан да пікір алып көрмек болатынын» жазды. 

Сонымен қатар желі қолданушыларының дені Велш қайтыс болған жүргізушімен тілдесу үшін, экстрасенстердің көмегіне жүгінгісі келген болар деп әзілдеді. Ал кейбірі журналистің жаңылысып қалғанын жазып жатты.Қайтыс болған ер адамның отбасынан пікір алмақ болғанын айтқысы келген шығар, дейді пікір қалдырушылардың бірі.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде