{metadescription}
Ғалымдар құбыр суының ешкім күтпеген қаупін анықтады

Ғалымдар құбыр суының ешкім күтпеген қаупін анықтады

Соңғы зерттеулер бойынша, қарапайым құбыр суы мемлекеттік талаптарға сай келсе де, оның аса қауіпті ауруға шалдықтырар қаупі бар.

Америкалық ғалымдар құбыр суын зерттеп, оны пайдалану окнологиялық ауруға шалдықтыруы мүмкін деген қорытындыға келді. Environmental Working Group зерттеушілері анықтағандай, құбыр суындағы химиялық қосылыстар АҚШ-та жүздеген мың адамның қатерлі ісікпен ауруына әкеп соғуы ықтимал. Ғалымдар ұзақ уақыт пайдаланса, адам денсаулығына зиянын тигізетін кем дегенде 22 элементті атады.

Зертеу барысында құбыр суындағы тұздар мен металдардың адам денсаулығына жиынтық әсері бағаланған. Рак қаупінің туындауы көбінесе құбыр суы құрамында күшәла, дезинфекция қалдықтары мен уран және радий сияқты радиоактивті элементтердің болуына байланысты.

Су құрамында мұндай заттардың болуы мемлекеттік стандартқа сай келе береді, деп атап өтті ғалымдар. Олардың айтуынша, суға арналған фильтр оның ағзаға кері әсерін төмендетуі мүмкін.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде