{metadescription}
Интернет жұлдызы тікелей эфирде достарымен бірге көз жұмды

Интернет жұлдызы тікелей эфирде достарымен бірге көз жұмды

Пәкістандағы танымал блогер Даниял Хан мен оның үш досы жол апатынан көз жұмды.

Жігіттер Исламабадты көлікпен аралап, онлайн-трансляция жүргізген. Көлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, асқан жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктегі адамдар тіл тартпай кеткен.

Жантүршігерлік апат желідегі тікелей эфирге түсіп қалған. Хан мен оның достары 20-22 жас аралығында болған екен. Даниял Ханды әлеуметтік желілердің жұлдызы атаған. Оның TikTok желісінде 200 мыңға жуық, ал Instagram-да 40 мыңға жуық жазылушысы болыпты. Полицияның мәліметінше, көлік жүргізушісі шекті рұқсат етілген жылдамдықты асырып жіберген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде