{metadescription}
Павлодарда полицей асылып тұрған жерінен табылды

Павлодарда полицей асылып тұрған жерінен табылды

Павлодар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, 34 жасар Руслан Оспанов қаза тапты.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаменті растады.

«Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесін қосымша хабарлаймыз», - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.

Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің маңындағы гараждан ер адамның денесі табылған. Көз жұмған ер адам Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, 34 жастағы Руслан Оспанов болып шықты. Ол ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет еткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде