{metadescription}
Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кетпек болды

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кетпек болды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қарындасы Гүлфаз Аубанованы ұрлап кету әрекеті жасалды.

Полиция бұл фактіні растады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 18 қыркүйекте болған. Гүлфаз Аубанова қаланың орталығындағы үйінің маңында ұрлап кетпек болған. Оны ақ түсті көлікке күштеп отырғызбақ болыпты. Алайда әйел сытылып шығып, қашып кетіпті.

Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция Гүлфаз Кенжетайқызына шабуылдағандарды іздестіріп жатыр. Бұл іске қатысты криминалдық полиция үш нұсқаны қарастырып жатыр. Алғашқысы құн талап ету, келесі тұрмыстық жанжал және қаржы-шаруашылық қызмет.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қарындасы әр жылдары Павлодар облыстық ауруханасы бас дәрігерінің акушерлік көмек, балалар жөніндегі орынбасары, Павлодардағы "Данель" медициналық мекемесінің бас дәрігері және директоры, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (департамент директоры) қызметтерін атқарған. Соңғы лауазымы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде