{metadescription}
Жас қыз антибиотик қабылдағаннан кейін қаны көк түске өзгеріп кеткен

Жас қыз антибиотик қабылдағаннан кейін қаны көк түске өзгеріп кеткен

АҚШ-тың Род-Айленд штатында ауруды басатын дәрі қабылдаған қыздың қаны көк түске өзгеріп кеткен. 

25 жастағы қыз әлсіреп, шаршап тұрғанын сезіп, тыныс алуына қатысты қиындықтары пайда  болып, терісінің түсі өзгергенін байқағаннан кейін жедел жәрдем шақырыпты. Оның сөзінше, тісі ауырғандықтан, жергілікті ауруды басатын дәрі ішіп, ұйықтап қалған. Алайда таңертең оянғанда, әлсіздікті сезініпті. 

Ауруханада дәрігер Отис Уоррен қызды қарап, оның терісі көгеріп, тырнағының түсі өзгергенін бірден байқайды. Дәрігер пациентте оттегі жетіспеушілігі туындаған деп топшылады. Оның қойған диагнозы расталып, талдау нәтижелері қыздың қаны оттегімен 67 пайызға қаныққанын көрсеткен. Ал сау адамдарда бұл норма 100 пайызды құрауы тиіс. 

Сонымен қатар талдау үшін пациенттің көктамыры мен күретамырынан алынған қан сынамасы қара-көк түсті болған. Уоррен жиналған мәліметтерге сүйеніп, қызға метгемоглобинемия диагнозын қойды. Бұл қандағы темірдің пішіні өзгеруімен байланысты сирек кездесетін ауру. Мұндай ауру кезінде қан оттегіні байланыстыру мүмкіндігінен айырылып, өз кезегінде органзимде оттегі жетіспеушілігі туындайды. 

Дәрігердің сөзінше, ол бұған дейін осындай жағдайға куә болған – пациенттің қаны антибиотик қабылдағаннан кейін көк түске өзгерген. Артынша қыздың бойындағы мұндай өзгеріске ауруды басатын дәрінің құрамындағы бензокаин себеп болғаны анықталды. Уоррен пациент бір уақытта дәріні көп мөлшерде қабылдаған деп күдіктенеді.

Дәрігер жас қызды емдеу үшін «көк метилен» аталатын препаратты қолданды. Қыздың қанын қалпына келтіру үшін, оған бірнеше ине салу жеткілікті болған. Медицина қызметкері метгемоглобинемияның кездейсоқ пайда болуы мүмкін екенін түсіндірді. Мұндай жағдайға тек бензокаин немесе антибиотик себеп болмауы мүмкін. Сондықтан үнемі өз денсаулығыңды жіті бақылау керек, дейді дәрігер.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде