{metadescription}
Африкадан келін алған қазақтар  еліміздің салт-дәстүрін орындатты

Африкадан келін алған қазақтар еліміздің салт-дәстүрін орындатты

Африкадан келін алған қазақтар оған шәй құйғызып, сәлем салдырды.

Бір қазақ жігітін мұхиттың арғы жағындағы қара қыз қағып әкетіп, өзіміздегі қыздар оны кәдімгідей қызғанып, осы сипаттағы видеоны әлеуметтік желіде көптеп бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Сымбат Игілікқызы Facebook-тегі парақшасында бөліскен мына видеода қазақтардың африкалықтармен құда болып жатқанының куәсі болуға болады.

Видеода аппақ көйлектегі қара нәсілді қалыңдық ата-енесіне шәй құйып жатыр. Кесе табылмай, шыны стаканға құйғанға қарағанда бұл шетелдің мейрамханасындағы оқиға секілді. Той кезі ме екен әлде тойдан кейін бе, онысын білмедік. Әйтеуір ақ жеңеше жаңа түскен келінге шәйді қалай құюды үйретіп, ұлттық дәстүрді барынша насихаттап бәйек болып жатыр. Басына ақ орамал жауып, сәлем салдыртуды да ұмытпапты. Қасындағылар «орысша емес, қазақша айт, ол бәрібір орысша түсінбейді, үйренсін қазақшаны» деп даурығып қояды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде