{metadescription}
2 апта бұрын жоғалған барменнің мәйіті табылды

2 апта бұрын жоғалған барменнің мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті іздеу салған азаматтың денесі табылды.

2019 жылы 20-қыркүйекте, сағат 13:30-да "Қосшы" ауылына жетпей, "Қарқаралы" тас жолында жоғалып кеткен Байзуров Әнуар Төлегенұлының мәйіті табылды.

"6 қыркүйекте үйден шығып, қайтып оралмаған Ә. Т. Байзуровтың орналасқан жерін анықтау үшін полиция департаментінің жеке құрамы жұмылған болатын. Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылықтың белгілері болған жоқ. Өлімнің себебі - тыныс алу жолдарының асфиксиясы деген болжам бар", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде