{metadescription}
21 жастағы қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионын нокдоунға түсірді

21 жастағы қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионын нокдоунға түсірді

Екатеринбургте (Ресей) бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Бекзат Нұрдәулетов Хулио Сезар Ла Крузды (Куба) жеңіп, финалға жолдама алды. 

Жекпе-жекке қазылық еткен бес төрешінің төртеуі екі боксшының ұпайын тең деп (28:28) бағаласа, бір төреші 29:27 есебімен жеңісті Нұрдәулетовке берді. 21 жастағы Нұрдәулетов қарсыласын екінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. 

Жекпе-жек соңына қарай бостандық аралының өкілі белсене түсті. Бірақ Бекзат қорғаныста сәтті жұдырықтасып, шабуылда ширақ қимылдады. Қарсыласының атағынан қаймыққан жоқ. Осылайша қазақ боксшылары арасында бірінші болып финалға шықты.

Хулио Сесар Ла Крус 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. 2011, 2013, 2015 және 2017 жылдары  әлем чемпионы атанған.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде