{metadescription}
Елорда мен Алматыдағы митингіде 57 адам ұсталды

Елорда мен Алматыдағы митингіде 57 адам ұсталды

ІІМ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингке қатысты мәлімдеме жасады.

ҚР ІІМ 57 заңсыз митингке қатысқан 57 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты.

"21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұрынды. Олардың кейбіреуі басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасай бастады. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады. Қазіргі уақытта құқық бұзушылық үшін 57 адам ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде