{metadescription}
Оралда әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кетіп, денесін иттер талап тастаған

Оралда әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кетіп, денесін иттер талап тастаған

Былтыр Орал қаласында жас ана баласын босанып, мазарға тастап кетіп, сәбидің денесін иттер талап кеткен еді.

Осы оқиға негізінде қозғалған сот өз шешімін шығарды. Өткен жылдың 5 наурызында сағат 19.00-де Деркөл ауылындағы зиратта жаңа туған баланың мәйіті табылған. Оны сол маңда жүрген  балалар тауып алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша тергеу жұмыстары басталған еді. Криминалдық полиция қызметкерлері екінші күні- ақ күдіктінің жеке басын анықтады.

Полициядан хабарлағандай, тергеу іс-әрекеттері мен молекулалық-генетикалық сараптама жүргізілгеннен кейін күдіктінің балаға қатысты аналық ықтималдығы 99,9% - ды құрады. Сондай-ақ, сараптама баланың жүктіліктің 36 аптасында тірі туғанын көрсетті. Әйел оны үйде туып, содан кейін мазарға апарып тастап кеткен. Сәби өлгеннен кейін оның денесін иттерді сүйрелеп, талап тастаған. БҚО полиция департаментінде әйел анасы екенін мойындамағанына қарамастан, генетикалық сараптама кері дәлелденді.

«Алайда, СМЭ қорытындысына сәйкес, құрсақ қуысының анатомиялық органдарының толық жоғалуына байланысты өлімнің себебін анықтау мүмкін болмады. Осы баптың диспозициясы жаңа туған сәбиді анасының өлтіруін қарастырады, осыған байланысты өткен жылдың 5 маусымында ҚІЖК - нің 35-бабы «іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын жағдайлар» негізінде іс тоқтатылды», - деп атап өтті ведомство.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде