{metadescription}
Президенттің әйелі ел алдында ыңғайсыз жағдайға қалды

Президенттің әйелі ел алдында ыңғайсыз жағдайға қалды

Жиынға Меланья Трамптан бөлек, қалалық мектептердің оқушылары мен шенеуніктер қатысты.

АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп Джордж Вашингтонға арналған ескерткіштің ашылу салтанатында ыңғайсыз жағдайға қалды. Твиттерде жарияланған видеодан Меланья Трамптың үлкен қайшымен мерекелік лентаны қия алмай қиналғаны байқалады. Ақыр соңында президенттің әйелі лентаны сол күйі қимастан, қайшыны қасындағы ер адамға берді.

Салтанатты рәсім Вашингтон орталығында өтті. Оған Дональд Трамптың әйелінен бөлек, қалалық мектептердің оқушылары мен шенеуніктер қатысқан. Ескерткіш 2016 жылдан бері реставрацияда болған еді.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде