{metadescription}
Алматы қаласындағы барахолкада өрт шықты

Алматы қаласындағы барахолкада өрт шықты

Алматы қаласында барахолка аумағында орналасқан «Кенжехан» базары өртенді. 

Өрт туралы хабар 21 қыркүйек күні сағат 23:53 кезінде келіп түскен. 

«Бірінші жасақ 6 минуттан кейін келді. Олар келген кезде аумағы 15 шаршы метр болатын ұялы телефондарға арналған аксессуарлар сатылатын бірқабатты павильон өртеніп жатыр еді. Яғни басқа контейнерлерге таралу қаупі болды. Адамдардың бар-жоғы анықталып, жақын маңға автоцистерналар орнатылды», - делінген хабарламада. 

Қызыл жалын 00:09 және 00:22 кезінде ауыздықталды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.