{metadescription}
Алматылық қызды Оңтүстік Кореяда жезөкшелікке мәжбүрлеген

Алматылық қызды Оңтүстік Кореяда жезөкшелікке мәжбүрлеген

Алматыда 24 жастағы әйелді Оңтүстік Кореяға жыныстық құлдыққа мәжбүрлеп жібермек болған келіншек ұсталды.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, 24 жастағы қызын бір әйел Оңтүстік Кореяға жыныстық қызмет жасауға мәжбүрлеген екен.

«Бұл дерек ҚР ҚК 308-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Біздің бөлімше қызметкерлері жедел шараларды атқарып, нәтижесінде 31 жастағы әйел ұсталды. Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеу жұмыстары барысында әйелдерді шетелге жіберу тетігі мен оған қатысты адамдар анықталады», - деді қалалық Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде