{metadescription}
Магнитті дауыл болады: Мамандар көбірек су ішуге кеңес береді

Магнитті дауыл болады: Мамандар көбірек су ішуге кеңес береді

28 және 29 қыркүйек күндері Жер бетінен G1 және G2 санаттарына жататын магниттік дауыл өтеді.

Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақтылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді, деп хабарлайды Хабар 24. Ғалымдардың айтуынша, 28 қыркүйекте оның қарқыны орташа болады, ал 29 қыркүйекте салыстырмалы түрде бәсеңдейді. Магниттік дауыл денсаулығы ауа-райына тәуелді адамдарға қиындық тудыруы мүмкін. Жер тұрғындарының 10-15%-ы геомагниттік белсенділікке төзімсіз келеді, - дейді ғалымдар. Ал магниттік толқынның әсерін азайту үшін қарапайым судың пайдасы зор екен.

Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақтылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді. Сондай-ақ ұйқының бұзылуы, тітіркену мен әлсіздіктің болуы мүмкін екенін және оның магниттік дауыл аяқталғаннан кейін қалпына келетінін ескертеді. Тітіркену жағдайлары орын алған кезде шай мен тыныштандырғыш дәрілер көмектеседі.

Осыған дейін магниттік дауыл биыл мамыр айында тіркелген. Ғалымдардың айтуынша, Жер бетінде мұндай дауылдар 10-20 жылда бір рет болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.