{metadescription}
Екі апалы-сіңлі бір күнде бірдей аурудан қайтыс болған

Екі апалы-сіңлі бір күнде бірдей аурудан қайтыс болған

Екі апалы-сіңлілі 54 жастағы Аманда және 57 жастағы Жаклин Уильямс бірдей диагноздан бір күн ішінде қайтыс болды.

5 қыркүйекте Аманда Уильямс ауруханада ауыр халде жатқан қарындасы Жаклинге қонаққа бару үшін Англияның Шепшед қаласындағы Лестерширден, Германияның Ингольштадт қаласына ұшуды жоспарлаған болатын.

Алайда әйел сол күні ауырып, ұшып кете алмаған. Оны кезекші медбике қарауына алып, жүрек-өкпе реанимациялық ота жасауға тырысқан. Аманда Гленфилд ауруханасына жеткізіліп, өмірді сақтап қалушы апаратқа қосылған. Екі апалы-сіңлі сол күні есін жимастан қайтыс болды. Екеуінің өліміне церебральды қан кету себеп болған.

Олардың анасының айтуынша, екі қызының қайтыс болғанын білгенде өзін төбесінен жай түскендей сезінген. Әйел қыздарының өте жақын екенін және олардың «риясыз» тұлға екенін және саяхаттауды жақсы көретінін айтты.

Аманданың 34 жастағы қызы Келли Айкенс отбасы Германия билігімен Жаклиннің денесін елден әкету үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын және қос жерлеуді ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Туыстары бұл жерлеудің қайғылы болғанын қаламайды. Аманда мен Жаклин қалағандай ән айтылып, би биленетін болады деп жеткізді.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.