{metadescription}
Екі отандасымыз стенд атудан Азия чемпионы атанды

Екі отандасымыз стенд атудан Азия чемпионы атанды

Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін Қазақстан қоржынына көптен күткен алтын жүлде түсті.  "Трап-микс" бағдарламасы бойынша командалық сында қазақстандықтар Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов Азия чемпионы атанды. 

Күміс жүлдені Ливан, қоланы Қытай Халық Республикасының өкілдері иеленген. Бұған дейін Қазақстан спортшылары күміс және қола жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. 

Дереккөз: olympic.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде