{metadescription}
Үйлену тойында өзін-өзі өртеген қонақтар жұртты шошытты

Үйлену тойында өзін-өзі өртеген қонақтар жұртты шошытты

Үйлену тойында қонақтар кезектесіп өз-өздерін өртеп, ішімдік ішті.

Олардың мұндай әрекеті видеоға түсіп қалған. Желіде тараған видео кадрларынан дөңгелек үстелге жайқасқан ер адамдар көрінеді. Олардың бірі шашы өртеніп жатқан күйде коктейль ішіп, жанындағы адамның шашын өртейді. Осыдан кейін ол отты бір стақан сумен өшірді.

Мұнан кейінгі қонақтар да дәл осы әрекетті жасап, эстафетаны келесі адамға берумен болды. Ал куәгерлер оқиғаны камераға түсіріп, оларға отты сөндіруге көмектесті. Қауіпті ойынның видеосы көпшілікті шошытты. Желі қолданушылары мұндай әрекеттің салдары туралы жазып, күйіп қалуы мүмкін екенін айтты.

«Ішімдікпен ойнау организміңізге зиян келтіруі мүмкін. Ішімдік реакцияны баяулатып, адамның көру және есту қабілеттерін төмендетеді. Өз кезегінде бұл адамға қатер төндіреді», - деп жазды адамдарға ішімдікті дұрыс ішуді үйрететін Drinkaware қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Элейн Хиндал.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде