{metadescription}
28 жасар тараздық тұрғыннан марихуана табылды

28 жасар тараздық тұрғыннан марихуана табылды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз тұрғынынан бір келіден астам марихуана есірткі заты тәркіленді.

Аталған іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Нәтижесінде есірткі заттарын сатумен айналысқан 28 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұсталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.​

«Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында бір келіден астам «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.​

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде