{metadescription}
Екі шахтада 6 адам көз жұмды

Екі шахтада 6 адам көз жұмды

Қырғызстанның Баткен облысындағы Кызыл-Кии және Сулюкты қалаларындағы шахталарда қайғылы жағдай болып, алты адам қаза тапқан.

Бұл жөнінде елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Кызыл-Кие қаласындағы қайғылы оқиға 6 қазанда болған. Онда үш кенші қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз.

Ал Сулюкты қаласындағы шахтадағы апат 5 қазанда болған. Газдан уланған бес кеншінің үшеуі бірден жан тапсырған. Қайтыс болғандар бір-біріне туыс болып шыққан. Қалған екеуі ауруханаға жеткізілген. Қырғызстанда 2017 жылы өндірістік апаттан 24 адам қаза тапқан. 2018 және биылғы жылдарға қатысты нақты мәлімет жоқ.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.