{metadescription}
Ақтөбелік жас әнші Испанияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды

Ақтөбелік жас әнші Испанияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды

Нарғыз Жанұзақова «Бақытты бала» жобасының алғашқы жеңімпазы және ол Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертінде ән шырқады.

Димаштың концертінде ән шырқаған ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова Испанияда өткен «Tu Onda» байқауында Гран-при жеңіп алды. Жас өнерпаз аталған халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Испанияның Малага қаласында өткен конкурс кезінде өзіме көп дос таптым. Бұл конкурста Испанияның жас өнерпазы Гильермо да бас жүлдені жеңіп алды. Ол пианинода керемет ойлайды. Бұл мен үшін естен кетпес сапар болды», - деп жазды Нарғыз Жанұзақова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде