{metadescription}
Украинада туылған екі бас бар қыз шетінеп кетті

Украинада туылған екі бас бар қыз шетінеп кетті

Украинаның Черновцы облысында қыркүйек айының соңында дүниеге келген екі басы бар қыз бала шетінеп кетті.

Черновцы қаласындағы облыстық балалар ауруханасындағылар нәрестенің 5 қазанда шетінеп кеткенін мәлімдеді. Нәрестені перзентханадан аса ауыр халде жеткізгеннен кейін, ол ауруханада 3 күн жатқан.

«Чернiвецький промiнь» басылымының мәліметінше, аурухананың бас дәрігері нәрестенің осы уақытқа дейін өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысының көмегімен жатқанын айтқан. Оның тірі қалуға мүмкіндігі болған жоқ, дейді бас дәрігер. 

Сонымен қатар нәрестенің анасы оның жағдайын білу үшін аурухана бірде-бір рет келмегені хабарланды. Ал әкесі қажетті заттарды апарып беру үшін барған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Укринада екі басы бар нәресте дүниеге келгенін хабарлаған едік. Сиам егіздері анасының құрсағында жатқанда-ақ белгілі болған. Алайда анасы жүктілікті тоқтатқысы келмей, тууға бел буыпты. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде