{metadescription}
Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда "Рахат" базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай бетон қоршауға соғылды. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.

Апат салдарынан алты адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр. Оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеуде. Жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде