{metadescription}
Қарағандыда бұзақылар жолаушылар толы автобусқа оқ жаудырды

Қарағандыда бұзақылар жолаушылар толы автобусқа оқ жаудырды

Қарағандыда кешкі уақытта белгісіз адамдар аялдамада тұрған жолаушы автобустарына пневматикалық қарудан оқ атқан.

Полицияның мәліметінше, 8 қазан күні кешкі сағат 19-00 шамасында 45 квартал аумағында жолаушылар автобустарына бұзақылар пневматикалық қарумен оқ жаудырып, әйнегін сындырған. Сол кезде №40 автобустың салонында 45-ке жуық, №45 маршрутты автобуста 120-ға жуық және №33 автобуста 70-ке жуық жолаушы болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Жағдайды тексеру барысында №45 маршруттық автобус салонынан пневматикада қолданылатын диаметрі 4,5 мм металл шарик табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 - бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау, оларды ұстау үшін шаралар қабылдап жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.