{metadescription}
Мектеп басшылары мұғалімнің оқушыны ұрғанын жасыруға тырысқан

Мектеп басшылары мұғалімнің оқушыны ұрғанын жасыруға тырысқан

Әлеуметтік желілерде таралған видеода өзбек оқушысы мұғалімнің қалай ұрғанын жылап отырып айтып берген.

Бұл оқиға бір апта бұрын Әндіжан облысы Асакин ауданындағы 30-мектепте болған. Видеода бала жылап отырып, шалбарын тіккен. Кадрдан тыс дауыс одан неге жылағанын сұраған. Бала мектепте сыныптасымен ұрсып қалғанын, соны көріп қойған мұғалім ұрғанын айтқан.

"Мұғалім мені екі мәрте шапалақпен салып қалды", - дейді оқушы.

Видеода баланың кедей отбасыдан екені байқалады. Ол мектепке баратын жалғыз шалбары сыныптаспен төбелес кезінде жыртылып қалғанын айтқан. Бұған қоса ол оқушыға қол көтерген мұғалімнен балағат сөз естігенін баяндаған.

"Мұғалім мені үнемі кемсітеді, тас кедей деп атайды. Ол неге өйтеді? Мен география сабағына барғым келмейді", - деп жылады бала.

Ол Асакин ауданындағы орта мектепте жетінші сыныпта оқитыны белгілі болды. Асауин ауданындағы дереккөз мәліметі бойынша, мектеп басшылығы мұғалімнің оқушыны ұрғанын жасыруға тырысқан.

"Мектеп басшылығы баланы видеоға түсірген адамды тауып алып, видеоны интернеттен алып тастауын талап еткен, қысым көрсеткен", - деді ол.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.