{metadescription}
Алматыда келіншек 20-қабаттан секірмек болды

Алматыда келіншек 20-қабаттан секірмек болды

Алматы қаласының полицейлері 20-қабаттан секіріп кетпек болған әйелді құтқарып қалды. 

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға «Манхэттен» тұрғын үй кешеніндегі көпқабаттың үйлердің бірінде орын алған. Тұрғындар «102» пультіне тұрғын үйлердің бірінің 20-қабатының балконында келіншектің отырғанын, өзіне қол жұмсамақ екенін хабарлапты. Көрсетілген мекенжайға дереу Буран-080 патрульдік тобы аттанған. Оқиға орнына жеткен полицияның аға лейтенанты Саят Бекжанов пен лейтенант Нұрсұлтан Бектұрсын бірден тұрғын үйдің 20-қабатына көтерілген. 

«Бірден шара қолдануға көштік. Оған ақырын жақындадық: әйел балконның шетінде отыр екен. Жанында бала арбасы тұрды, ішінде кішкентай сәби жатты. Көрші үйдің тұрғындары әйелдің назарын өздеріне аударып, мұндай шешімнен бас тартуын өтініп жатты. Жағдайды бағалай отырып, жүгіре жанына жеттік те, балконнан ішке түсіріп алдық. Жағдайды сұрағанымызда әйел ештеңе айта алмай, жылады. Мен оны құшақтап, жұбатуға тырысқанымда, ол қатты жылай бастады. Оның проблемасы болғаны анық. Ең бастысы, жас ана мен оның алты айлық баласы құтқарылды», - деді Алматы қалалық жол-патрульдік қызметінің полицейі Саят Бекжанов.

Белгілі болғандай, әйелдің жасы – 26-да, алты айлық баласы бар, тұрмысқа шыққан. Күйеуі басқа қалада жұмыс істейді. Полицейлер жас ананың неліктен мұндай қадамға барғанын анықтауда. Онымен психолог жұмыс істеп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде