{metadescription}
Министр зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады

Министр зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады

ҚР Парламенті Мәжілісінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып, пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.

Зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру үшін үкімет қазақстандықтың қордағы ақшасы мен өмір сүру ұзақтығына қарайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты. Вице-премьердің айтуынша, қазір зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылған.

"Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз", - деді Сапарбаев мәжіліс кулуарында.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет екенін айтқан болатын.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.