{metadescription}
Алматы облысында студент оқушының макетін келемеждегені үшін қамалды

Алматы облысында студент оқушының макетін келемеждегені үшін қамалды

Алматы облысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелінде орнатылған оқушының макетін бұзғаны үшін 19 жасар жігітті анықтап қамауға алды.

Көксу ауданы, Балпық би ауылында болған бұзақылық фактісі әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталды. Жігіт суретте көрсетілгендей оқушының макетін келемеждейді.

«Қабылданған шаралар бойынша Алматы жоғары оқу орындарының бірінің студенті болып шыққан қылмыскер анықталып, қамауға алынды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешіміне сәйкес, құқық бұзушы үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша ҚДП баспасөз қызметі.

Полиция аймақтағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында оқу орындарының жанында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін 300-ге жуық макет орнатылғанын атап өтті. Макет жүргізушілердің назарын аударады және бұл оларды баяу жүруге мәжбүр етеді. Сонымен қатар, полицияның түнгі уақытта жарық беретін арнайы көліктері, сондай-ақ жол апаттарының салдарын еске түсіретін апатты көлік орнатылды.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.