Қарсыласына аяқ көтеріп амандасқан спортшы оңбай таяқ жеді
Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде австралиялық спортшы қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытып, күтпеген жерден бір тепкен.
09:20 10.10.2019
Австралиялық спортшы Надя Кассим UFC аясындағы жекпе-жек кезінде жымысқы әрекет жасағаны үшін сазайын тартты. Оқиға Мельбурндегі UFC 243 турнирінде болған.
Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде Кассим қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытады, алайда оны бір тебеді. Дегенмен ол бұл жымысқы әрекеті үшін бірден сазайын тартты – бір секундтан кейін оңтүстіккореялық Джи Йон Ким оны нокдаунға жіберді. Нәтижесінде жекпе-жек екі раундқа созылып, австралиялық спортшы техникалық нокаутпен ұтылды.