{metadescription}
Алматы облысында Қазақстан мен шетелдік жұмысшылар төбелесті

Алматы облысында Қазақстан мен шетелдік жұмысшылар төбелесті

Ескелді ауданының полициясы Қазақстан азаматы мен үш шетелдік азаматтың қатысуымен болған жанжал фактісін тіркеді.

7 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданында жол салып жатқан қытай және қазақстандық жұмысшылар арасында жанжал болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Шетел азаматтары үш құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабына сәйкес «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру», сондай-ақ олардың екеуіне қатысты  517-баптың 2-бөлігіне сәйкес көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін материал жиналады. 

Оқиға орнына келген Алматы облыстық дирекциясының басшысы Мұрат Үрімханов кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кездесіп, қақтығыстың одан әрі өршуіне жол берілмеуі және кез келген заңсыз әрекеттерді жасау туралы түсіндірме әңгіме өткізді.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде